Қазақстандық CS:GO командасы жүлде қоры миллион доллар құрайтын турнирге қатысуда

Қазақстандық CS:GO командасы жүлде қоры миллион доллар құрайтын турнирге қатысуда
Киберспорт

Қазақстандық Алексей  Qikert Голубевтың "Outsiders" командасы жүлде қоры бір миллион долларды құрайтын Counter Strike: Global Offensive (CS:GO) бойынша BLAST Premier World Final 2022 турниріне қатысуда, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бірінші ойында бұрынғы "Virtus.Pro" "Liquid-ке қарсы ойында жеңілді. Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды – 16:10, бірақ келесі екі кезеңде бірдей 8:16 есебімен ұтылды. 

Келесі ойында " Outsiders" командасы "Faze Clan G2" жеңімпаздарымен кездеседі.

Айта кетейік, турнир Абу-Дабиде (БАӘ) қаласында өтіп жатыр. Жарыс 18 желтоқсанда аяқталады. Жеңімпаз 500 мың доллар ұтып алады.