Елдос Сметов бастаған дзюдошылар Jerusalem Masters турниріне қатысады
Дзюдодан жылдың қорытынды World Masters турнирі 20-22 желтоқсан күндері Йерусалимде (Израиль) өтеді. Тек жүлделер жиынтығы емес, сондай-ақ 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын турнирде ел намысын қорғайтын құрама команда белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2022 жылғы қорытынды турнирде Қазақстан намысын 9 ер, 4 әйел, жалпы 13 спортшы қорғайды:
Қазақстан ерлер құрамасы: Мағжан Шамшадин (60 келі), Елдос Сметов (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі).
Қазақстан әйелдер құрамасы: Абиба Әбужақынова (48 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).