Вадим Куралес халықаралық жарыстың күміс жүлдесін иеленді

Вадим Куралес халықаралық жарыстың күміс жүлдесін иеленді
Қысқы спорт

Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Австрияның Обертиллиахта қаласында өтіп жатқан IBU Junior Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Спортшы 15 шақырымдық масс-старт жарысында мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға қол жеткізді. Эстониялық Якоб Кулбин халықаралық доданың чемпионы атанса, неміс биатлоншысы Ганс Кельнер қоланы қанжығасына байлады.