Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-Придің күміс жүлдегері атанды

Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-Придің күміс жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-При кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз қысқа бағдарлама қорытындысында 89.67 ұпай жинап, аралық үшінші орында тұрған. Еркін бағдарламасы үшін Шайдоров төрешілерден 161.42 ұпай алып, бірінші орынға ие болған. Алайда қос бағдарламасының қорытындысында қазақстандық спортшы 251.09 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. 

Михаил Шайдоров бір маусымда екі Гран-При жарысында жүлде алған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Чунцинде өткен Гран-При турнирінде үздік үштіктің қатарынан көрінген еді.