Александр Бублик маусым қорытындысында рейтингте нешінші орынға тұрақтайды

Александр Бублик маусым қорытындысында рейтингте нешінші орынға тұрақтайды
Теннис

Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик биылғы маусымды әлемдік рейтингте нешінші орында аяқтайтынын білді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Биыл мансабындағы ең үздік маусымын өткізген Бублик әлемдік рейтингте 11-орынға табан тірейді. Бұл - қазақстандық теннисшінің ең үздік көрсеткіші. Оның еншісінде 2870 ұпай бар. 

Испаниялық Карлос Алькарас АТР Жылдың қорытынды турнирі финалында жеңіліс тапқанына қарамастан, рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды. Ал екінші орында жоғарыда аталған жарыстың чемпионы Янник Синнер болса, үздік үштікті неміс теннисшісі Александр Зверев түйіндеді.