Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-Приде үшінші орын алды

Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-Приде үшінші орын алды
Қысқы спорт

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-та бастаған Гран-При кезеңінің қысқа бағдарламасында бақ сынады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Лэйк-Плэсидте басталған жарыстың ерлер арасындағы қысқа бағдарлама жарысы қорытындысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 89.67 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады. 

Ерлер бүгін еркін бағдарламада сынға түседі. Ал әзірге көш басында жапониялық Казуки Томоно (95.77) келеді, ал екінші орында Франция өкілі - Кевин Аймоз (93.56).