Месси тағы бір рекордтың иесі атанды

Месси тағы бір рекордтың иесі атанды
Футбол

Катардағы әлем чемпионатының финалдық жолдамасы сарапқа салынған Аргентина мен Хорватия құрамалары арасында өткен матчта Лионель Месси тағы бір рекордтың иесі атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

3:0 есебімен Аргентинаның пайдасына шешілген ойында шабуылшы Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы нәтижелі соққылар мен пастар бойынша рекорд иесі атанды. Ол әлем біріншіліктерінде 11 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Сөйтіп, “гол+пас” жүйесі бойынша Мирослав Клозені (16+3), Роналдоны (15+4), Герд Мюллер (14+5) мен Пелені (12+7) басып озды. 
Хорватияға қарсы болған ойында Лионель Месси пенальтиден гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Аргентинаның финалдағы қарсыласы бүгін Франция - Марокко матчында анықталады.