Хорватия қатарынан екінші рет финалда ойнамайтын болды
Футболдан Катардағы әлем чемпионатының жартылай финалының алғашқы матчы Аргентина мен Хорватия құрамалары арасында өтіп, Лионель Месси бастаған оңтүстік америкалықтар командасы әлем чемпионы атануға бір табан жақындай түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Матч есебі Мессидің пенальтиден соққан голымен ашылса, арада бірер минут өткенде Хулиан Альварес есепті еселеді. Командалар үзіліске 2:0 есебімен аттанды. Ал екінші таймда Хулиан Альварес хорватиялықтардың қақпасына тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша, Аргентина финалға жолдама алды. Ал Хорватия қатарынан екінші Мундиальда әлпм чемпионы атағына таласу мүмкіндігінен айырылды.
Аргентина - Хорватия - 3:0
1:0 - 34’- Лионель Месси (П)
2:0 - 39’ - Хулиан Альварес
3:0 - 69’ - Хулиан Альварес