Месси Батистутаны да артта қалдырды
Футбол
2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Аргентина мен Хорватия арасындағы матчта оңтүстік америкалық шабуылшы Лионель Месси пенальтиден гол соғып, есеп ашты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл - Мессидің әлем чемпионаттарында ұлттық құрамасы үшін соққан 11-голы. Осылайша, ол Аргентина ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанып, Габриэль Батистутаны екінші орынға түсіріп тастады.
Қазір ойынның 2-таймы жүріп, есеп Аргентина пайдасына - 3:0.