CS:GO бойынша Қазақстанның ең мықты командасы әлемдік рейтингте серпіліс жасады

CS:GO бойынша Қазақстанның ең мықты командасы әлемдік рейтингте серпіліс жасады
Киберспорт

Қазақстанның ең мықты "Avangar" командасы Counter Strike: Global Offensive (CS:GO) бойынша әлемдік рейтингте керемет серпіліске қол жеткізді, - деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық Айдос каде0 Хайыржан, Қайсар ICY Файзнұров, Әлихан w1nt3r Көпжанов, Аман ice Сейтқалиев және Жандарбек sorrow Мамырбек бір аптаның ішінде 24 сатыға көтеріліп, 66-шы қатарға орналасты. 

Команда алты кездесу өткізіп, төрт жеңіске жетті. "Avangar" биылғы жылдың наурыз айынан бері алғаш рет осындай жетістікке жетіп отыр. 

Қазақстандық "Evil Genius" Санжар neaLaN Исхаков та жақсы жетістіктерімен қуантты. Ол төрт саты көтеріліп, 24-орынға жайғасты.

Ал, Алексей Qikert Голубевтің "Outsiders" командасы екінші орында, Абайдың «Хоббит Хасеновтың "Cloud9"командасы жетінші орында.

Еске салайық, "Avangar" командасы 2017 жылдан бері бар.  Оны құрамында "CS:GO" және "PUBG" бағыттары бойынша командалар бар. Бұрын бұл команда сапында қазақстандық Тимур Төлепов, Алексей Голубев, Дәурен Қыстаубаев, ресейлік Әли Джами және Өзбекстаннан Санжар Кулиев өнер көрсеткен. Осы құраммен олар 2019 жылы керемет жетістікке жетті.