Қайыржан Венгрияны жеңді

Қайыржан Венгрияны жеңді
Хоккей

Норвегияның Аскер қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында (ІА) Қазақстан екінші ойынын Венгрияға қарсы өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ұлттық құрама команда 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасап, 3:2 есебімен жігерлі жеңіске қол жеткізді. "Барыс" шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан жеңіс шайбасын соқты.

Қазақстан - Венгрия - 3:2 (0:0, 0:2, 3:0)

0:1 - Михалик (Добош, Деак) - 21:27 СБШ

0:2 - Михаллик (Фекете, Хадобаш) - 39:57 СБШ

1.2 - Сапарбек (Роев) - 42:32

2:2 - Цыбин (Роев, Сапарбек) - 44:35

3:2 - Қайыржан (Бреус) - 49:32

Қақпашылар: Шефер - Хегедуш