Грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті

Грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын түсті
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Юсуф Ашрапов жеңіс тұғырына көтерілді. Финалда отандасымыз армениялық Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды. Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған болатын. Ол шешуші белдесуде әзірбайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті.