U23 әлем чемпионаты: Балуан Айбек Айтбеков алтын жүлдегер атанды

U23 әлем чемпионаты: Балуан Айбек Айтбеков алтын жүлдегер атанды
Жекпе-жек

UWW

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол осыған дейін U23 санатында әлем чемпионы атанған әзербайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті. Айбек Айтбеков финалға дейінгі белдесулерде ресейлік Алибэк Амировты, жапониялық Сэйма Токухараны және украиналық Евгений Поковбаны жеңді. 

Айта кетейік, Айбек Айтбеков биыл 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Азия чемпионатында да алтын тұғырға көтерілген еді.