PUBG MOBILE-дан Қазақстан құрамасы IESF әлем чемпионы атанды

PUBG MOBILE-дан Қазақстан құрамасы IESF әлем чемпионы атанды
Киберспорт

PUBG MOBILE-дан Қазақстандық құрамасы IESF әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

15 матчтың қорытындысы бойынша отандық команда абсолютті чемпион атанды. Жеңіс үшін Дамир AXZCER Омаровтың командасы 50 мың АҚШ доллар сыйақы алды.

IESF 14-ші әлем чемпионаты 2-10 желтоқсан аралығында Индонезияның Бали қаласында өтті. Жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.