Қазақстан гандболшылары Алматыдағы Азия чемпионатында екінші рет жеңіске жетті

Қазақстан гандболшылары Алматыдағы Азия чемпионатында екінші рет жеңіске жетті
Басқа

ҰОК

Алматыда әйелдер командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын. Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін ертең, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді. Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.