Алматыдағы Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Аустралияны жеңді
Басқа
ҰОК
Алматыда әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуінде Аустралия командасынан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Матч 37:18 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Бұл топта Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Үндістан құрамалары да бар. Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін бүгін, 24 қарашада, Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.
Азия чемпионаты 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың үздік төрт командасы 2027 жылы Мажарстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.