ҚР Мәдениет және спорт министрлігі сотта Еркебұлан Қанафиннен жеңілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі сотта сурдо-дзюдошы Еркебұлан Қанафиннен жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
30 қараша күні Астана қаласының аудандық соты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындары чемпионы Еркебұлан Қанафин арасындағы дау туралы шешім шығарды.
4 мамыр күні спортшы дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанған. Халықаралық федерациялар мойындаған жеңісті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қабылдамай, Еркебұлан Қанафин ұлттық құрама сапына кірмейтінін және құлағы нашар еститін жандардың қатарына жатпайды деген. Содан кейін сурдо-дзюдошы ҚР МСМ-ін сотқа беріп, жеңімпаз атанды.
Бірақ министрлік әлі күнге дейін спортшының жеңісін мойындамай отыр. Еркебұлан Қанафин құлақтың есту қабілетін тексеретін барлық қажетті тестерден өтті. Ал олардың нәтижесі спортшының құлағының есуті қабілеті төмен екенін дәлелдеді.
Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын құрама команданы жасақтау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне жатпайтынын айта кету керек.