Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін иеленді

Жанбота Алдабергенова әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесін иеленді
Қысқы спорт

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен алғашқы әлем кубогы кезеңінде Жанбота Алдабергенова қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық спортшы 80,04 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Фристайл-акробатикадан әлем кубогы бірінші кезеңінде аустралиялық Даниэль Скотт жеңімпаз атанса, канадалық Марион Тхенолт екінші орыннан көрінді.