Еуропада ойнайтын қазақстандық футболшының бағасы дереу өсіп кетті

Еуропада ойнайтын қазақстандық футболшының бағасы дереу өсіп кетті
Футбол


Немістің беделді Transfermarkt.басылымы Беларусьте ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноковтың бағасын көтерді, деп хабарлайды Bassport.kz.


23 жастағы Өскемен тумасының бағасы екі есеге артып, 200 мың еуроға жетті. Бұл Чесноковтың мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ол белорустық «Белшина» сапында 29 матч өткізіп, төрт гол соқты.


Оның командасы Беларусь чемпионатында 12-орын алған.


Айта кетелік, қазақстандық Ислам Чесноков «Белшинада» 2021 жылдың сәуірінен бері ойнайды.