Бокстан Қазақстан чемпионатына ел үздіктері қатыса ма?

Бокстан Қазақстан чемпионатына ел үздіктері қатыса ма?
Бокс
Бокстан Қазақстан чемпионаты басталатын күн жақын. Павлодарда өтетін турнирде еліміздің ең үздік боксшылары анықталады, деп жазады Bassport.kz. 

Алайда, ұлттық біріншілікке Азия чемпионатында бақ сынаған спортшылар түгер дерлік қатыспайды. Тек қана 63,5 келі салмақта құрлық додасынан құр қол қайтқан Санатәлі Төлтаев қана ел біріншілігінде сынға түсепек. 

Команда үздіктерінің Қазақстан біріншілігінен босатылуы жайдан жай емес.  Аммандағы Азия біріншілігі өз мерзімінен кеш басталды. Ал бұл аралықта боксшылар бабына келіп үлгермейді әрі екі ірі турнирге қатысу олардың денсаулығына да зиян болмақ. 

Осыны ескерген бапкерлер қосыны еліміздің бірінші нөмірлі боксшыларын жарыстан босатты.