Михаил Шайдоров Қазақстандағы алғашқы мұз шоуын өткізуді жоспарлап отыр
Фото: Olympic.kz
Спортшы бұл туралы теннисші Зарина Дияспен әңгіме барысында айтты. Оның сөзінше, жаңа жоба бойынша жұмыс қазірдің өзінде басталып кеткен. Шайдоров шоу биылғы жылдың соңына дейін жүзеге асатынын және шара Алматы қаласында өтетінін жеткізді. Алдын ала жоспар бойынша мұз шоуы желтоқсан айының соңында ұйымдастырылады.
Бұл жоба Михаил Шайдоровтың ұйымдастырушы ретіндегі алғашқы тәжірибесі болмақ. Бұған дейін қазақстандық спортшы мұндай форматтағы іс-шараларды өткізген емес. Ол аталған бастама арқылы тек жеке жобасын дамыту емес, сонымен қатар Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдылығын арттыруды көздейтінін атап өтті. Қазіргі уақытта Шайдоров АҚШ-та жаңа маусымға дайындалып жатыр. Сондай-ақ ол алдағы маусымда белгілі бапкер Рафаэль Арутюнянмен және канадалық хореограф Ше-Линн Бурнмен жұмыс істеуді жоспарлап отыр.