Танымал қазақстандық актер кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Танымал қазақстандық актер кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Бокс

Қазақстандық актер, аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар бағын кәсіби бокста сынамақ, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Спортшы 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Тоқтар мен Жанкош Тұраров екеуі хабарлады. 

Айта кетейік, Тұраров бұл кеште венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен жұдырықтасады. 

"1 Желтоқсан | Алматы Арена | @movida.media және DAZN @daznboxing
Үздік танымал актер әрі ММА шебері Еркебулан Тоқтар @erkebulan_toktar бауырым Қазақстан атынан алғашқы рет кәсіпқой бокстан дебют өткізеді. Тарихта болмаған DAZN профессионалдық шоу Алматыға келмек, еліміздің батылдығын көрсетеміз достар.Әр Қазақтың қолдауы қажет!" - делінген әлеуметтік желісіндегі парақшасында.