Евсеев жұптық сында келесі айналымға өтті

Евсеев жұптық сында келесі айналымға өтті
Теннис

Португалияның Майе қаласында өтіп жатқан теннис турнирі жұптық сынының алғашқы кезеңінде бақ сынаған қазақстандық Денис Евсеев келесі айналымға өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Украиналық теннисші Виталий Сачкомен бірге өнер көрсеткен Евсеев Карол Држевецки (Польша) - Максимилиан Нойхрист (Аустрия) жұбын үш сет қорытындысында - 5:7, 7:6, 10:4 есебімен жеңді. 1 сағат 53 минутқа созылған кездесу турнирдің 1/8 финалы аясында өтті.