Азиада-2026: Темірлан Тілеулес таеквондодан Қазақстан тарихында тұңғыш рет алтын алды
Жекпе-жек
Арлан Олжабай
Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында Темірлан Тілеулес таеквондодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен алматылық спортшы финалда Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосаны 2:0 (16:14, 15:2) есебімен тізе бүктірді. Бұл тарихи жеңіс Қазақстан құрамасының осы Азиададағы 12-ші алтыны болды.
Осы уақытқа дейін Қазақстан спортшылары бұл бәсекеде тек күміс пен қола жүлделерді қанағат тұтып келген болатын.