ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында буллиттен «Спартакты» жеңді
Хоккей
«Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын «Спартакқа» қарсы матчпен аяқтады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Ойынның негізгі және овертайм уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Буллиттер сериясында жалғыз дәл соққыны Гаррет Пилон орындап, Қазақстан командасына жеңіс сыйлады.
Матчта Логан Дэй, Әлихан Әсетов және Тайс Томпсон шайба соқты. Сонымен қатар Дэй «Барыстың» барлық үш голына да қатысты.
Енді астаналықтарды үйдегі матчтар сериясы күтіп тұр. Ол 10 қазанда «Авангардқа» қарсы ойынмен басталады.