Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кімдер

Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары кімдер
Футбол

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ең қымбат футболшыларының рейтингі жаңарды, деп хабарлайды bassport.kz Transfermarkt сайтына сілтеме жасап. 

Спорт порталының дерегіне сүйенсек, елордалық «Астана» командасында ойнайтын португалдық жартылай қорғаушы Педро Эуженио ел чемпионатының ең қымбат футболшысы атанды. Оның трансфердегі бағасы 300 000 еуроға өсіп, 900 000 еуро (432 801 000 теңге) болды. 

Екінші орында трансферлік құны 250 000 еуро (120 222 500 тг) болатын «Қайраттың» футболшысы Әділет Садыбеков тұр. Маусым айында оның құны небәрі 25 000 еуро болатын, қараша айында бағасы 225 мың еуроға өсті. 

Сондай-ақ, "Ақтөбе" мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың да құны өсті. Биылғы жылдың маусым айында спортшы үшін 275 мың еуро сұраса, қазіргі таңда оны 500 мың еуроға (240 445 000 тг) бағалайды. 

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің трансфердегі бағасы 800 000 еуроға (384 712 000 тг) дейін өсті.

Қазақстанның ең қымбат футболшылары:

1) Педро Эуженио («Астана») — (600 000 еуро —> 900 000 еуро)

2) Әділет Садыбеков («Қайрат») — (25 000 еуро —> 250 000 еуро)

3) Рамазан Оразов («Актобе») — (275 000 еуро —> 500 000 еуро)

4) Абат Айымбетов («Астана») — (600 000 еуро —> 800 000 еуро)

5) Игорь Шацкий («Шахтёр») — ( 450 000 еуро —> 600 000 еуро)

6) Хусрав Тоиров («Атырау») — (25 000 еуро —> 150 000 еуро)

7) Бақдәулет Зульфикаров («Тұран») — (0 —> 125 000 еуро)

8) Эльхан Астанов («Ордабасы») — (500 000 еуро —> 600 000 еуро)

9) Данил Устименко («Қайрат») — (400 000 еуро —> 500 000 еуро)

10) Абылайхан Жұмабек («Тараз») — (300 000 еуро —> 400 000 еуро)

11) Рамазан Кәрімов («Мақтаарал») — (250 000 еуро —> 350 000 еуро).