Оразов ешқашан қатты соққы жасай алмаған - Кака

Алматылық "Қайрат" футзал клубының бас бапкері Кака чехиялық "Хрудиммен" өткен матчтан кейін (1:2) баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі bassport.kz сайтына сілтеме жасап.
– Біріншіден, менің "Қайрат", Алматы қаласы, Қазақстан алдында үлкен жауапкершілігім бар. Мен бұны сезінемін. Элиталық раундтың екінші турынан ары қарай өте алмадық. Бұны сезіну өте қиын. Кінәліміз. Бірақ алда үшінші ойын күтіп тұр. "Қайраттың" келесі кезеңге шығуға мүмкіндігі болмаса да, өз абыройы үшін ойнайтын болады.
- Неге "Қайрат" ойыншылары шаршап тұр? Неліктен Оразов пен Тұрсағұловтар қатты соққы жасай алмаған?
- Біржан ешқашан қатты соққы жасай алмаған, Тұрсағұловтың да соққысы әлсіз. Білмеймін, олар командамен бірге дайындалды. Бұл сұрақты өздеріне қою керек шығар. Мен олардың шаршағанын көрі тұрған жоқпын, мүмкін қазіргі таңда формада емес шығар. Біз олардан тым көп үміт пен дұрыс шешімдер күтеміз, бірақ олар бұл деңгейде емес те шығар. Олар жақсы ойнайды, алайда, оларда тым көп талап етіп жатқан сияқтымыз.
Еске салайық, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов пен Деннистің мүддесін қорғайтын агент Сирило Кардозо "The Футзал" арнасына берген сұқбатында ойыншыларға қатысты ақпаратымен бөлісті.
Кеше Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің С тобындағы екінші турында алматылық "Қайрат" чехиялық "Хрудиммен" кездесіп, 1:2 жеңіліп қалған еді.