“Барыс” плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды
Хоккей
"Барыс" ХК. Сурет: "Барыс" ХК баспасөз қызметі
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Новосібірдің "Сібір" командасы "Шанхай Дрэгонске" қарсы өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, маусымдағы 60-ұпайын еншіледі. Осылайша, астаналық ұжым ұпай саны бойынша "Сібір" командасын қуып жете алмайтын болды.
Қазақстандық команда осымен төртінші жыл қатарынан плей-офф кезеңінен тыс қалып отыр.