Оразов пен Тұрсағұлов Испанияға ауыса ма?

Оразов пен Тұрсағұлов Испанияға ауыса ма?
Басқа

Алматылық "Қайрат" футзал клубының үш үздік ойыншысы Еуропа клубтарының біріне ауысуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов пен Деннистің мүддесін қорғайтын агент Сирило Кардозо "The Футзал" арнасына берген сұқбатында ойыншыларға қатысты ақпаратымен бөлісті. 

- Кейбір деректер бойынша Оразов пен Тұрсағұловқа Испания, Италия және басқа да Еуропалық клубтардан ұсыныс түсті. Бұл қаншалықты рас?

- Әзірге ешқандай ұсыныстар жоқ. Алайда, жігіттер өздерін жақсы көрсетіп, еуропалықтардың деңгейіне жетсе, онда әрине болады, - деді Кардозо.