Құрбан Бердіев "Трактордан" кетті

Құрбан Бердіев
Футбол

Ирандық "Трактор" 70 жастағы ресейлік маман Құрбан Бердіевпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бапкер  Ресейден келген ұсынысқа байланысты клубтан мерзімінен бұрын кеткісі келетіндігі туралы хабарлаған болатын. Бірақ оның келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін келісіп қойған еді. 

Ресейлік БАҚ-тың ақпараты бойынша, Бердіев "Сочиге" ауыспақшы. Клуб турнирлік кестенің 9-орында тұр. 

Маман "Тракторды" осы жылдың маусым айында, алматылық "Қайраттан" кеткеннен кейін басқара бастады. Оның басшылығымен команда Иран чемпионатында 11 матч өткізді, онда ол 4 жеңіске жетті, 3 рет тең түсті және тағы 4 кездесуде жеңілді.