Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының финалына шықты
Басқа

Никита Басов

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда қазақстандық ватерполшылар Қытай құрамасымен кездесті. Тартысты өткен матчта Қазақстан командасы қарсыласын 11:10 есебімен жеңді. Кездесу кезеңдер бойынша 1:2, 3:2, 5:3, 2:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы үшінші кезеңде нәтижелі ойын көрсетіп, шешуші басымдыққа қол жеткізді. Осы жеңістің арқасында Қазақстан ерлер құрамасы XX жазғы Азия ойындарының финалына шықты.

Финалда қазақстандықтар Жапония мен Иран құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.