Қазақстандық каратэшілер Индонезияда жеңіске жетті

Қазақстандық каратэшілер Индонезияда жеңіске жетті
Басқа

Индонезияның Джакарта қаласында WKF каратэ-додан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 68 мемлекеттен 700 спортшы қатысқан жарыста отандастарымыз жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әйелдер арасында қоржынға 2 алтын, 1 күміс жүлде түсті. 68 келіге дейінгі салмақта Лаура Аликул чемпион атанып, көк байрақта көкте желбіретті. 55 келіге дейінгі салмақта Әсемгүл Ердаулет жеңімпаз атанса, Гүлмира Үсенова күміспен күптелді. Қазақстан ерлер құрамасынан Низамитдин Халматов (-60 кг), Дамир Камал (-67 кг), Нұрнияз Елдашев (+84 кг) қоржынға үш қола медаль салды.