Екінші нөмірде дұрыс ойнадық - Вадим Епанчинцев

Хоккей
“Амур” хоккей клубының бас бапкері Вадим Епанчинцев шәкірттерінің астаналық командаға қарсы ойынына баға беріп, жеңісті матчты қорытындылады. “Амур” “Барысты” 1:3 есебімен өз айдынында тізе бүктірді.
- «Плей-офф» стиліндегі жақсы матч. Біз ойынның маңызын жақсы түсіндік. Қақпамызға соғылған голға жылдам жауап қайыра білдік. Екінші шайбаны соғып, есепте алға шықтық және екінші нөмірде дұрыс ойнағанымыз қуантты. Үшінші кезеңде қарсылас қарқынын күшейтетінін түсіндік, сондықтан үш бестікпен ойнауға көштік. Сауатты қорғана білдік, қақпашымыз керемет ойын өрнегін көрсетті және жеңіске қол жеткіздік.
- Лихачёв айдынға қашан оралады?
- Ол командамен жаттығуды бастады, бірақ әлі 100 пайызға дайын емес. Алдағы матчтарға қатысуға әзір болған кезде, айдынға шығады. Оның жалпы командамен жаттыға бастағанының өзі қуантады.
- Сергей Дубакин «Сибирьде» үшінші-төртінші бестіктің ойыншысы болды. Сіздің командаңызда сан басымдығы кезінде ойнап, гол соғып жүр. Оны командаға алғанда осы артықшылықтары туралы білдіңіз бе, әлде бұл күтпеген жағдай болды ма?
- Әрине, тосын сый болған жоқ. Біз оның жастар арасындағы ойындардан неге қабілеті бар екенін жақсы білеміз. Ол кезде Сергей сан басымдығында ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түсетін. «Сибирь» сапынан сан басымдығына шығатын екі бестікте ойнау спортшыға қиын болатынын түсіндік. Жастарға сенім арту – біздің стратегиямыз.