Қазақстандық боксшы Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының финалына шықты
Бокс

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті. Төрехан үш раунд бойы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалға шыққан еді.