Азиада-2026: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова дзюдодан күміс жүлде иеленді

Азиада-2026: Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова дзюдодан күміс жүлде иеленді
Жекпе-жек

Offside.kz

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдо бәсекелерінің финалдық кезеңі аяқталды. Елдос Сметов те, Әбиба Әбужақынова да Азиада-2026 турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Әбиба шешуші белдесуде турнир қожайыны, жапониялық Мицуки Кондомен кездесіп, есе жіберді және Азия ойындарының екінші мәрте қатарынан күміс жүлдесін иеленді. 

Ал, Елдос Сметов алтын медаль үшін өткен тартысты кездесуде жапониялық балуан Хаято Кондоға жол беріп, Азиаданың күміс жүлдесін қанжығасына байлады.