Қазақстан бокстан Азиадада алғашқы медаліне қол жеткізді

Қазақстан бокстан Азиадада алғашқы медаліне қол жеткізді
Бокс

ҰОК

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Bassport.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Жартылай финалдық бәсекеде отандасымыз Вьетнамның азулы боксшысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тхи Там Нгуенмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) вьетнамдық спортшы жеңіске жетіп, финалға өтті. Осылайша, Азиадаға алғаш рет қатысып жатқан Алуа Балқыбекова турнирді үшінші орынмен қорытындылады.

Ол бұған дейінгі кезеңдерде Үндістан мен Жапония боксшыларын қапы қалдырған болатын.