Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Бокс
Арлан Олжабай
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандық былғары қолғап шебері 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Карло Пааламмен (Филиппин) кездесті. Тартысқа толы жекпе-жекте Филиппин өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Махмұд Сабырхан үшінші қола медальді қоржынға салды.
Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола алған еді.