Тарихи алтын: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Тарихи алтын: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды
Жекпе-жек

ҰОК

Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының алтын тұғырына көтеріліп, көк байрағымызды желбіретті, деп хабарлайды Bassport.kz.

77 келі салмақта теңдессіз өнер көрсеткен отандасымыз алтын жүлде үшін өткен шешуші бәсекеде Бахрейннен келген қарсыласы Мухаммад Набиевті бет қаратпай жеңді. Кездесу 3:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына жазылды. 

Бұл жарқын жеңіс Қазақстан құрамасының осы додадағы бесінші алтын медалі ретінде тарихқа жазылды.