Жағажай волейболынан Қазақстанның алғашқы құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды

Жағажай волейболынан Қазақстанның алғашқы құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды
Басқа

Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Онда 11 мемлекеттің 29 құрамасы өзара мықтыны анықтайды. Сары құрлық бәсекесінде Қазақстан намысын 3 команда қорғауда.


D тобында өнер көрсетіп жатқан Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбына (Қазақстанның бірінші құрамасы) турнирде тең келер ешкім болмай тұр. Олар Гон Конгтің екінші командасын 21:14, 21:15 есептерімен сенімді жеңді. Ал Аустралияның намысын қорғап жүрген екінші құраманың спортшыларын 1:2 есебімен тізе бүктірді. Азия үздігі анықталатын турнирдің алғашқы ойынында Яковлев-Богату жұбы Оманды жеңді. Қазақстанның бірінші құрамасы плей-офф кезеңіне топтан 1-орынмен шықты. 


Бұған дейін Қазақстан жағажай волейболынан бір рет Азия чемпионы атанған. 


Жағажай волейболынан Азия чемпионаты 18 қарашаға дейін жалғасады.