Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Басқа
ҰОК
Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Отандасымыз әйелдер арасындағы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәре сызығын екінші болып кесті.
Аделина қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, жеке рекордын жаңартты.
Алтын жүлде Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Мариам Каримнің еншісінде кетті. Ол 54,31 секунд нәтижесімен Азия ойындарының рекордын жаңартты.