Сұлулық байқауының жеңімпазы дзюдодан ел чемпионы атанды

Сұлулық байқауының жеңімпазы дзюдодан ел чемпионы атанды
Дзюдо

Грэпплинтгтен елімізден шыққан жалғыз әлем чемпионы, дзюдодан Қазақстанның 11 дүркін жеңімпазы, Италияда өткен "Miss Europe Continental-2022" байқауының жеңімпазы Әйгерім Әбілқадырова Атырауда өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Екі жыл бұрын жарақат алған Әйгерім үлкен спортпен қоштасқан болатын. Алайда жақында қайта оралды. Спортшы 52 салмақ дәрежесінде жерлесі - ақмолалық Толғанай Әбеуовадан басым түсіп, дзюдодан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы атанды. 

Еске салайық, бұған дейін Әйгерімнің 2 жылдан кейін Парижде өтетін Олимпиадаға қатысып, жүлдегер атануды мақсат еткенін, дзюдодан джиу-джитсуға ауысуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.