Дзюдодан Азия чемпионаты: қолаға таласқан екі спортшымыз ұтылды

Дзюдодан Азия чемпионаты: қолаға таласқан екі спортшымыз ұтылды
Дзюдо

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде жүлдеге таласқан екі спортшымыз да жеңіліп қалды, деп жазады Bassport.kz.

Қыздар арасында 78 келіде сынға түскен Аруна Жангелдина кіші финалда моңғолиялық спортшыдан қосымша уақытта ұтылды.

Ерлер арасындағы бәсекеде 100 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрлыхан Шархан қола медальға қол жеткізе алмады. Ол қосымша уақытта тәжікстандық қарсыласына жол берді.

Айта кетелік, Қазақстан командасының еншісінде 3 қола медаль бар.