Қазақстандық дзюдошылар Жапониядан жеңіліп қалды

Қазақстандық дзюдошылар Жапониядан жеңіліп қалды
Дзюдо

Гонконгте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында командалық жарыстар басталды. Қазақстан командасы қола жүлдеге күреседі, деп хабарлайды Bassport.kz.

Біздің дзюдошылар жарыстың жартылай финалына жетіп, жапондық қарсыластарына есе жіберді. Кіші финалда Қазақстан командасы Түркменстанға қарсы шығады.

Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш медаль жеңіп алды. Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі) және Жанарыс Рахметқали (66 келі) тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.