Хоккейден Қазақстан құрамасы Ресей мен Беларуське қарсы ойнайды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ресей мен Беларуське  қарсы ойнайды
Хоккей

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында халықаралық турнирге қатысады, деп  хабарлайды Bassport.kz.

2-4 мамыр аралығында Астанада Qazaqstan Hockey Open - 2024 халықаралық турнирі өтеді.

Аталған сынға Қазақстан, Ресей және Белоруссия құрамалары қатыспақ. Бұл жарыс құраманың әлем чемпионатына дайындығы аясында өтпек. Матчтар кестесі

2-мамыр 2024, 19:30 - Қазақстан - Ресей

3-мамыр 2024, 19:30 - Қазақстан - Беларусь

4-мамыр 2024, 16:00 - Ресей - Беларусь