Қазақстандық киберспортшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық киберспортшы әлем чемпионы атанды
Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Алексей (Qikert) Голубев Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша 2022 жылғы әлем чемпионы атанды.

Голубев өнер көрсететін Outsiders командасы 31 қазаннан 13 қарашаға дейін Рио-де-Жанейрода өткен IEM Rio Мajor 2022 үлкен финалында Данияның Heroic командасынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Outsiders командасының жаттықтырушысы қазақстандық Дастан Ақбаев. 

IEM Rio major 2022 жүлде қоры - 1,25 млн доллар. Финалда жеңіске жеткені үшін Outsiders 500 мың доллар ұтып алды.