Жолдастық кездесулер: БАӘ мен Өзбекстанға қарсы кім ойнайды?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы БАӘ мен Өзбекстанға қарсы өткізетін жолдастық кездесулеріне аттанатын ойыншылардың тізімін жариялады. Құрамға екі жылдық дисквалификациясы аяқталған Бауыржан Исламхан да енді.
Қазақстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Данил Устименко ("Қайрат"), Александр Заруцкий ("Астана").
Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Каиров (барлығы - "Тобыл"), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы - "Астана"), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко (екеуі де - "Ақтөбе"), Сұлтанбек Астанов ("Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей).
Орталық қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де - "Актобе"), Асхат Тағыберген ("Тобыл"), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де - "Астана"), Бақтияр Зайнутдинов ("ЦСКА", Ресей), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Бауыржан Исламхан.
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Астана"), Абылайхан Жұмабек ("Тараз"), Айбар Жақсылыков ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат").
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 13 қараша күні Ташкентте Өзбекстан командасына, ал 19 қарашада Абу-Дабиде БАӘ құрамасына қарсы ойнайды.