Допингпен ұсталған футболшы құрамаға шақырту алды

Допингпен ұсталған футболшы құрамаға шақырту алды
Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, екі жыл бұрын допингпен ұсталған Бауыржан Исламхан елдің басты командасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды.

"Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жұмыс жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Алматыда басталатын жиынға шақырту туралы шешім қабылдады", - делінген ҚФФ ресми хабарламасында. 

Құраманың бас жаттықтырушысы Исламхан туралы ойымен бөлісті: 

«Бауыржан туралы көп естігенмін. Оның үлкен таланты мен мол тәжірибесі бар. Алдағы оқу-жаттығу жиынында оның физикалық дайындығын қарағым келеді. Өйткені, екі жылдай Исламханның ойын тәжірибесі болмады. Оқу-жаттығу жиынында оның бабы қандай екенін байқап, алдағы ойындарға қаншалықты дайын екенін білетін боламыз», - деді Магомед Адиев.

Еске салайық, 2020 жылы өткен Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағында тыйым салынған препарат табылған.