Бокстан Азия чемпионаты: Біздің боксшылардың қарсыласы кімдер
Бокстан Азия чемпионатының жеті жарыс күні аяқталды. 9 қараша күні әйелдер арасында, ал 10 қарашада ерлер арасындағы жартылай финалдық бәсекелер басталады. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 1/2 финалға 21 спортшы жолдама алды және олардың қарсыластары белгілі болды.
Әйелдер:
48 келі. Алуа Балқыбекова - Фарзона Фазилова (Өзбекстан)
50 келі. Назым Қызбайбай - Намики Цукими (Жапония)
52 келі. Жазиар Орақбаева - Ринка Киносита (Жапония)
54 келі. Жайна Шекербекова - Хуан Сяо Вень (Тайвань)
57 келі. Карина Ибрагимова - Нести Петесио (Филиппиндер)
66 келі. Мадина Нұршаева - Чой Хон Гюн (Оңтүстік Корея)
70 келі. Дариға Шәкімова - Чень Ньень Чинь (Тайвань)
81 келі. Гүлсая Ержан - Тхи Хуонг Нгуен (Вьетнам)
81+ келі. Ләззат Күнгейбаева - Альфия Тараннум Акрам (Үндістан)
Ерлер:
48 келі. Санжар Ташкенбай - Говинд Кумар Сахани (Үндістан)
51 келі. Сәкен Бибосынов - Томоя Цубои (Жапония)
54 келі. Махмұд Сабырхан - Шахзод Музафаров (Өзбекстан)
57 келі. Серік Теміржанов - Хуссам Уддин Мохаммед (Үндістан)
60 келі. Саматәлі Төлтаев - Мохаммад Абу Джаджех (Иордания)
67 келі. Дулат Бекбауов - Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)
71 келі. Асланбек Шымбергенов - Бьямберден Отгонбаатар (Моңғолия)
75 келі. Нұрқанат Райыс - Сейедшахин Мусави (Иран)
80 келі. Нұрбек Оралбай - Хуссейн Эйшаиш Иашайш (Иордания)
86 келі. Сағындық Тоғамбай - Одаи Рияд Адеальхиндави (Иордания)
92 келі. Айбек Оралбай - Туфан Шарифи (Иран)
+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Мухаммад Аброридинов (Тәжікстан).