Шавкат Рахмоновтың бапкері Ризабек Айтмұханның жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Күрес
Olympic.kz
Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Ризабек Айтмұханның алғашқы белдесудегі жеңілісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі Sports24.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Загребтегі жарысты ресейлік балуан Магомед Курбановпен белдесуінен бастады. Тартысты өткен күрес 4:5 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.
«Курбанов – Еуропаның екі дүркін чемпионы, ал Ризабек – әлем чемпионы. Мен бұл белдесуден дейін-ақ кейбір бапкерлерге оның жеңетініне сенімді екенімді айттым. Жеке өзім Ризабек пен Тәжудиновтың кездесуін көргім келетін. Екеуі де жас әрі өте талантты спортшылар. Дұрыс дайындық пен жүйелі көзқарас болса, Ризабекті Лос-Анджелестегі Олимпиадаға жақсылап әзірлеуге болады. Оның күреске деген сезімі, тактикалық ойыны, физикалық қуаты бар. Әрине, әлі де күшейтуі қажет тұстары бар, бірақ әлеуеті зор. Ол қазірдің өзінде өз салмағында әлемнің мықты балуандарымен бәсекеге қабілетті екені анық. Алда әлі көп жұмыс тұр, кейбір сәттерді түзету керек», – деді Эдуард Базров.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы әлем чемпионы атанып, Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс жүлде жеңіп алған.