Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуде есе жіберді

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуде есе жіберді
Күрес

Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жарысты сәтсіз бастады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі іріктеу кезеңінде Айтмұхан ресейлік балуан, 2021 жылғы Еуропа чемпионы әрі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Магомед Курбановпен кездесіп, 4:5 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ ол Азия чемпионаттарында үш мәрте күміс медальға қол жеткізген. Қазіргі таңда қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 23-орында тұр. Ал оны жеңген Магомед Курбанов 24-сатыда орналасқан.